«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов»

«Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» «Казахстан-колыбель единства народов» атты   Өткізілетін орны: Аудандық кітапхана Өтетін уақыты:  26.02.2015 жыл.   Көрнекілігі: «Бір халық-бір ел-бір тағдыр», «Один народ-одна страна-одна судьба»  тақырыбында кітап көрмесі. Шарлар ілініп ,залда күй ойналып тұрады.                                                       Күй ойналады. Жүр:Қайырлы күн,қадірменді қонақтар, оқырмандар,оқушылар ! Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады деп , бүгінгі мерекелерімізбен құттықтай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына  орайластыра өткелі отырған  «Қазақстан – бірліктің берекелі бесігі» атты  әдеби –сазды кешімізді  ашық деп жариялаймыз. Еліміз бауыры бүтін, мызғымас мемлекетке айналып,  жауапкершілік жолын жүріп өтіп, бекемдей түскен бірлігімізбен елдікті еселеп, биік белестер мен алынбас асуларды бағындыра білді. Бүгінгі таңда Қазақстанды 120 - дан астам ел танып, 130 - дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында еркін де ерікті, тату - тәтті өмір сүруде! Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспеттес. Бүгінгі шараның мақсаты : Қазақстанда тату - тәтті өмір сүретін халықтардың әдет -…

0 комментариев