Серіктай Марсельдің сурет көрмесіне арналған сценарий

  Серіктай Марсельдің сурет көрмесіне арналған сценарий   Өтетін орны: Аудандық кітапхана Өткізілетін уақыты:29.04.2015       Жүр: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгін баршаңыз  жас дарын – Серіктай Марсельдің сурет көрмесіне қош келдіңіздер!       Өмірде сұлулыққа тұнып, адамды құштар етіп, ұмытылмас сезімге бөлеп әкетер ғажайыптар көп. Ал, сұлулықты қабылдай алу үшін айналамызға қарап, бір сәт бізге табиғаттан дарыған керемет байлықты бағалауымыз қажет. Ал, табиғатты аялап, оның адам өміріндегі маңызын түсінуде  өнер  адамдарынан кім озар?! Сазгер болсын, суретші болсын  барлығы дерлік шабытын табиғаттан алады.  Қайталанбас шеберлер болады. Миллионның ішінен біреу ғана кездеседі. Ал негізінен жастайынан үйретіп өсіргенде, әрине, ол міндетті түрде жемісін береді. Вед: Каждый ребенок в душе художник. Помните, как в детстве мы все любили рисовать… кому как нравилось - карандашами, красками, фломастером у кого-то получалось лучше, у кого-то не очень, со временем  интерес к рисованию у кого-то перерастал в хобби, у кого-то в увлечение, у кого-то и вовсе пропадал интерес к этому, а кто-то становился…

0 комментариев

Оқырман жеңісі

    Хромтау аудандық кітапханасының оқырмандары эссе, иллюстрация, буктрейлер жұмыстарымен қатысып, «Иллюстрациялар» номинациясы бойынша Хромтау №6 гимназия 10 класс оқушысы, мектептен тыс білім беру орталығы «Жас суретші» үйірмесінің қатысушысы Сайлаубаева Диана Қайратқызы 2 дәрежелі және «Буктрейлер» номинациясы бойынша Хромтау қаласы №1 мектептің 10 класс оқушысы Туиешин Аслан Берікұлы 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды.         Сіздің назарларыңызға Туиешин Асланның және Сайлаубаева Диананың жұмыстарын ұсынамыз.       Желтоқсанның 25-де аудандық кітапхананың оқу залында «Біз құрдастармыз» республикалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының  төрайымы  М.Т.Төреғалиева, «Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ.Н.Елеутов,  ауылдық және қала мектептерінің кітапхана қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 2 дәрежелі орындарға ие болған №6 мектеп гимназиясының 10 класс оқушысы Д.Қ.Сайлаубаева,  №1 мектеп оқушысы А.Б.Туиешин, белсене қатысқан оқушылар және шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлестерін қосып жүрген ұстаздар марапатталды. Кітапхана директоры Таимова А.Ж кітапхана \"Мәдени мұра:танымал есімдер\" атты блогымен таныстырып өтті.  

0 комментариев