,

КОНКУРС! КОНКУРС! КОНКУРС!
Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі

         Хромтау аудандық кітапханасында жас дарын Серіктай Марселдің сурет көрмесі ұйымдастырылды.Биыл наурыз айында жас дарын Серіктай Марсель Art Dubai көркемөнер шығармашылығының дүниежүзілік көрмесіне қатысты.Марсель жалпы топта өнер көрсетіп, жұмыстары ересек кәсіби дарын иелерімен бірдей бағаланып 2 орынды иеленді. Оның шеберлігіне таңғалған Дубай шейхі суретші баланы өзіне қонаққа шақырды. Кейін шейх Серіктай Марсельге екі тілдегі энциклопедияны сыйлаған.
    «Менің елім  - Қазақстаным»

 
 Наурыз айының 28-де, аудандық кітапхана қызметкерлері Кеншілер мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының  20 жыл толуына арналған «Менің елім - Қазақстаным» үгіт пойызының мүшелерін қарсы алды.Ұлттық кітапхананың бас директорының орынбасары Ғалия Исаханова Бөкейқызы, Кусаинова Гүлмира - пресс-секретарь,  Местепова Айнагүл –менеджер қарсы алып биылғы жылғы мәнді оқиғаларға байланысты  Қазақ хандығы құрылғанына 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып қала тұрғындары назарына ұсынылды.

«Қазақстан-бірліктің берекелі бесігі»
    Аудандық кітапхананың оқу залында  ақпанның 26-да, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орайластыра екі тілде өткен «Қазақстан-бірліктің берекелі бесігі», «Казахстан-колыбель единства народов» тақырыбында әдеби-сазды кеші өтті.