Ерліктің даңқы мәңгілік!

        Хромтау аудандық кітапханасы және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына арналған «Ерліктің даңқы мәңгілік» тақырыбында мерекелік шара өткізілді. Шараға соғыс  ардагерлері, еңбек ардагері Қазақстанның еңбек сіңірген журналисті А.Ф.Козачок, Дөң тау-кен байыту комбинатыныңардагерлер кеңесінің төрағасы А.М.Ладамин, аудан әкімінің орынбасарыН.Д.Аспенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Б.Ракишева, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, қала тұрғындары, мекеме басшылары, мектеп оқушылары, Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Шараға қатысушылар  батыр қызымыз Әлия Молдағұлова жайлы құндымәліметтер тыңдап,  өмірімен, ерлігіменжақынырақ танысты. «Ерліктің даңқы мәңгілік» тақырыбында кітап көрмесі безендірілді. Мәдениет үйінің қызметкері  Г. Қожағұлова «Әлия» әнін нақышына келтіре  орындады. Аудандық халық театры өнерпаздары  Әлияның майдандағы  сәтін сахналады. Көрермендер ерлігі ерге бергісіз қыздың өмірінен сыр шертер деректермен танысты.    Жүргізушілер екі тілде, майдан шебінде жауларға қарсы күрескен батыр қыз  Әлия  Молдағұлованың өмірі, балалық шағы, соғысқа аттанғаны, соғыста жүріп туғандарына жазған хаттары, батыр қызымыздың ерлікпен, қаһармандықпен қаза тапқандығы жайлы мәліметтер берді.  Сондай-ақ,  Әлия  Молдағұлованың   халқының болашағы үшін жанын пида еткен өшпес ерлігін бүгінгі жас ұрпақ…

0 комментариев

Кітап көрмесіне шақырамыз!

        Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел - бір кітап»республикалық  акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлинніңшығармашылығына және  «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында биыл туғанына 90 жыл толатын ақын Қуандық Шаңғытбаевтың «Шайыр» атты өлеңдер жинағын насихаттау мақсатында  «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.         Кітап көрмесінде жазушы Ілияс Есенберлиннің және ақын Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар және шығармалары ұсынылған.        

0 комментариев

Ұлы Жеңіске — 70 жыл!

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай аудандық кітапханада   «Ұлы Жеңіске - 70 жыл!» - атты көрме – инсталяция ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Ұлы Жеңістің тағылымын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, баға жетпес бейбіт өмірімізді қастерлей білуге,отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрмеге уақыт сынынан өткен,соғыс пен тыл ардагерлерінің ерліктері мен естеліктері жайында жазылған кітаптар қойылды. Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде 1941 жыл - соғыстың басталуы, оның сипаты туралы әдебиеттер жинақталған. 2-бөлімде 1942-1944 жж. Қазақстан халқының ҰОС-на қосқан үлесі және жерлес батырлар туралы деректер орын алды. 3 бөлім - 1945 ж. Ұлы Жеңіс, Р.Қошқарбаев туралы әдебиеттер ұсынылған. 

0 комментариев