Кітап көрмесіне шақырамыз!

        Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Бір ел - бір кітап»республикалық  акциясы аясында белгілі қазақ жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлинніңшығармашылығына және  «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында биыл туғанына 90 жыл толатын ақын Қуандық Шаңғытбаевтың «Шайыр» атты өлеңдер жинағын насихаттау мақсатында  «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» - атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.         Кітап көрмесінде жазушы Ілияс Есенберлиннің және ақын Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі мен қызметі жайлы материалдар және шығармалары ұсынылған.        

0 комментариев

Ұлы Жеңіске — 70 жыл!

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай аудандық кітапханада   «Ұлы Жеңіске - 70 жыл!» - атты көрме – инсталяция ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Ұлы Жеңістің тағылымын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, баға жетпес бейбіт өмірімізді қастерлей білуге,отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрмеге уақыт сынынан өткен,соғыс пен тыл ардагерлерінің ерліктері мен естеліктері жайында жазылған кітаптар қойылды. Кітап көрмесі 3 бөлімнен тұрады: 1-бөлімде 1941 жыл - соғыстың басталуы, оның сипаты туралы әдебиеттер жинақталған. 2-бөлімде 1942-1944 жж. Қазақстан халқының ҰОС-на қосқан үлесі және жерлес батырлар туралы деректер орын алды. 3 бөлім - 1945 ж. Ұлы Жеңіс, Р.Қошқарбаев туралы әдебиеттер ұсынылған. 

0 комментариев

Жазықсыз жапа шеккендер

Хромтау аудандық кітапхананың оқу залында саясиқуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазықсыз жапашеккендер»  атты кеші өтіп, кітап көрмесіұйымдастырылды. Кешке ауылдық, аудандық  мектеп кітапхана қызметкерлері,музей қызметкерлері, Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Шараға Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елеутов Қ.Н, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы  Ж.Б.Ракишева,аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева М.Т, сонау нәубет жылдардың куәсі болған көнекөз қарияларЖұмағалиев Сарсенбай ағай және Өмірбаев Байдулла ағай шақырылды. Аудандық «Нұр» мешітінің имамы Әли Алмат Амангельдіұлы жазықсыз жазаланған жандардың рухына бағыштап құран оқып, жеті нан таратылды.  Ашаршылық жылдарының куәгерлері Шармантаева Ажар апай және  Балмухашева Нақияәжелерімізбен, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Хромтау тұрғыны  90 жастағы Рихерт Эрна Яковлевнамен өткен сұхбаты көпшілік назарына слайд арқылы ұсынылды. Тарихшылардың деректері бойынша  саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандары туралы мәліметтер берілді. Жұмағалиев Сарсенбай ағай және Өмірбаев Байдулла ағай жас ұрпаққа нәубетжылдарындағы қиын кезеңдер туралы әңгімелеп берді. Ендігі жерде рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау біздің…

0 комментариев