Юрий Михайлович Герт

Юрий Михайлович Герт 1931 жылы Астрахань қаласында дүниеге келген. Вологод педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиет мұғалімі дипломын алып, Мурман облысында оқытушы қызметін атқарды. Осы жерден, кеніштік Кукисвумчорр ауылынан, Кеңес әскеріне шақыртылды. 1955 жылы әскери қызметі кезінде «На рубеже» журналында Ю. Герттің бірінші «Преодоление» повесті жарияланды. Кейін Карельский кітап баспасы повестті жекеленген кітап ретінде (1957) және Софиядағы Военное баспасы болгар тілінде басып шығарады(1959). 1957 жылы Ю. Герт Қарағанды қаласына келіп, бірнеше жыл «Комсомолец Караганды» жастар газетінде, Карағанды бөлімінің Казақстан жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып жұмыс атқарды. 1964 жылы жазушының «Кто, если не ты?..» романы жарық көрді. 1968 жылы «Жазушы» баспасы оның әңгімелері мен повесттерінің «Первое апреля» жинағын шығарды. Екі жылдан соң «Простор» журналында «Лгунья» повесті жарияланды (1970). 1976 жылы «Солнце и кошка» атты повестерінің жинағы жарық көрді. Ю. Герт аудармашы ретінде белсене жұмыс атқарды.Қазақ , ұйғыр жазушыларының туындылары: 3. Самадидің «Маимхан», И. Есенберлиннің «Прикрой своим щитом» , М. Мағауиннің «Голубое марево», Р.Тоқтаровтың , «Иртыш впадает в…

0 комментариев