Ескерусіз ұмыт қалған кітаптар/ Незаслуженно забытые книги

Әрбір кітапхананың сөрелерінде жаңа кітаптармен қатар, уақыт елегінен өткен, бүгінгі күні жазықсыз ұмытылған кітаптар тұр. Бәрі де ұмытылғандай, кітаптың авторы да, өзі де... Ал сөредегі сәл шаң басқан кітапты қолға алсаң, өткен күндер көз алдыңа келеді. Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында осы сүйікті авторлардың шығармаларын оқырмандар қызығып оқыды. Классикалық фантастика, шытырман оқиғалы кітаптар, қаhарман-алғашқы ашушылар туралы ғылыми-көпшілік әдебиеттер, өткен жылдарда өмір сүрген атақты азаматтар, спорт шеберлері, әртістер туралы әдебиеттер, тарихи әдебиеттер, бәрін айтып болмайсың. Бүгін олар жазықсыз ұмытылып, кітап сөрелеріндегі қазіргі кездегі бояуы қанық мұқабалы жаңа кітаптар арасында көзге ілінбей тұр. Ұмытылған кітаптар, бірақ өте таныс және сүйікті... Хромтау аудандық кітапханасынның қызмет көресу бөлімінде «Ескерусіз ұмыт қалған кітаптар»» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеде ондаған жылдар бұрын оқырмандар мүддесi ұстап қалған, қолдан қолға көшкен, қазір әділетсіз ұмытылған, қайта басылмаған көркем әдебиеттер бар. Қазір бұл кітаптарды сирек оқиды, қайта басылымы жоқ, бірақ олардың арасында қазіргі күн оқырмандарына да қызық болатын әдебиеттер баршылық. Оқырмандарымызды осы ұмыт қалған кітаптарды…

0 комментариев