1 қазан – қарттар күні!

Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1991 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қыркүйек айының 29 да аудандық кітапхананың оқу залында  1-қазан Қарттар мерекесі күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік кеш  өтті. Мақсаты: халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Кешке  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы  М.Т. Жұмағалиева, көп жылдар бойы кітапхана саласында еңбек еткен ардагерлер Ермағанбетова Д.А, Бесбаева Ү.Д, Сатмұханбетова З.Х, Бремжарова Ж.Қ, Крыжановская Л.М  шақырылды. Бірінші бөлімінде  №5 мектеп-гимназиясының 4 «а» сынып оқушылары, жетекшісі Дүйсенғалиева А.Қ  ұйымдастыруымен  өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға мерекелік көңіл –күй сыйласа, екінші бөлімінде қонақтармен ойындар  ұйымдастырылды, немерлеріне арнап бесік жырын орындады,ән салып, би биленді, сайыс өткізіліп  «Күз аруы» таңдалды.…

0 комментариев