Әдебиет әлемінің абызы

  12 қазан күні Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби «Тарлан» сыйлығының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетіндегі Б.Майлиннен кейінгі қысқа әңгіме жазудың хас шебері, үлкен суреткер Сайын Мұратбековтың шығармаларын насихаттауға байланысты «Әдебиет әлемінің абызы» атты кітап көрмесімен таныстырылымы болды. Кітапханашы Т.С.Жиембаева жазушының шығармаларына шолу жасап,заңғар жазушының  өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша түсініктеме берді. Шараға негізінен кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектептің мұғалімдері, оқушылар қатыстырылды. Көрмеге Сайын Мұратбековтың кітаптары, жазушы туралы, оның еңбектері жайлы қаламгерлердің зерттеулері, мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген жазушының шығармалары мен өмір жолы туралы жазылған мақалалар, естеліктер қойылды.    

0 комментариев