Государственный секретарь РК на Eurasian Book Fair – 2016

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуразиялық «Eurasian Book Fair – 2016» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты   Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың мәдениетті дамытуды мемлекеттік саясаттың басымдығы бар бағытының бірі ретінде атағанын айтты. Біз мәдениетті басқарудың қазіргі заманғы үлгісін қалыптастырудамыз, ол Қазақстан Республикасының әлемдегі ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына септігін тигізетін болады. Бүгінде елімізде Мәдени саясат тұжырымдамасы табысты іске асырылуда. 700-ден астам баспа және кітап шығарумен айналысатын мекемелер жемісті жұмыс жүргізуде. 11 мыңнан астам кітапхана есігі айқара ашық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жалпы көлемі 18 мың библиографиялық жазбаларды құрайтын Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қоры жүйелі түрде ұлғайтылып келеді. Бүгінде еліміздің әрбір 4-інші азаматы оқырман болып саналады. Кітап көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдыстырылуда. Бұл мәдени-ағартушылық мақсаттағы іс-шара ауқымды зияткерлік ортада ТМД, Еуропа және Азия мемлекеттері баспаларының, кітап саудасымен айналысатын және ғылыми, білім беру мекемелерінің, сондай-ақ полиграфиялық компанияларының басын қосуды көздеп отыр. Кітап көрмесіне таяу және алыс шетелдердің 20 елінен,…

0 комментариев

Eurasian Book Fair – 2016

В стенах выставочного центра \"Көрме\" в Астане проходит Евразийская международная книжная выставка-ярмарка Eurasian Book Fair – 2016. Астана қаласында Eurasian Book Fair – 2016 Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. «Eurasian Book Fair-2016» ЕУРАЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ Бірінші халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» астаналық кітап көрме- жәрмеңкесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып отырған ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық шара. Ұйымдастырушы– «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы, Астана қ.) Ресми қолдаушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі Қоғамдық институттар мен партиялар   Кітап көрме-жәрмеңкесінің мәдени-іскерлік бағдарламасына баспалардың, кітап саудасы ұйымдарының басшылары, ресми тұлғалары, халықаралық сарапшылар, танымал жазушылар мен ақындар, баспа жобаларын қолдайтын ұйымдар мен қорлардың өкілдері, кітапхана, білім беру және ғылыми қауымдастықтар өкілдері, мәдениет қайраткерлері қатысатын болады. «Eurasian Book Fair–2016» көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері: «Eurasian Book Fair – 2016»: – Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет пен әдебиет саласындағы…

0 комментариев