Кітапханаға саяхат

Ақпан айының 4-де №5 мектеп-гимназиясының  2 класс оқушыларымен  аудандық кітапханаға саяхат жүргізілді. Балалар бөлімінің кітапханашысы Кадиржанова Гүлденай    кітапханаға жазылу ережесімен таныстырып жаңадан түскен кітаптарға, энциклопедияларға шолу жасады. Оқушыларды «Табиғат» клубының мүшесі болуға шақырды. кітапханада өзін-өзі қалай ұстау туралы жадынамалар , жаңадан жазылатын балаларға ата –аналарына кепілдемелер таратылды, пазлдар құрастырып, ермексазбен ертегілер кейіпкерлерін жасады, шахмат ойындарын ойнады.   В Хромтауской районной библиотеке в детском отделе провели с учениками 2-х классов школы-гимназии № 5  мероприятие «Экскурсия в библиотеку». Библиотекарь Гульденай Кадиржанова ознакомила детей с правилами библиотеки и сделала обзор вновь поступившей литературы. Библиотекарь  пригласила учеников стать членами клуба «Табиғат», также рассказала детям, как нужно вести себя в библиотеке, раздала  бланки о поручительстве родителей, впервые записавшимся ученикам. Дети  с интересом читали книги, собирали пазлы, играли в шахматы, разгадывали загадки о литературных героях.

0 комментариев