«Ана-тіршіліктің тірегі»

  Аудандық кітапханада  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана-тіршіліктің тірегі» атты оқырман аналар арасында сайыс өткізілді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімді арттыру; Оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Оқырмандардың кітап оқуға, әдеби жанрларға деген қызығушылығын арттыру. Сайыс төмендегідей шарттар бойынша өткізілді: Өзін-өзі таныстыру, «Дәм думан» тағамдар сайысы, «Көтерейік көңілді ән-жырменен» өнер көрсету сайысы, Зерделінің ойы озық (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар), «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (ақын –жазушылар шығармалары туралы сұрақтарға жауап беру). Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Қосжанова Э.М- тәрбиеші ,№8 «Тұлпар» балабақшасы – І орынға, Құрманбаева Г.А –тәрбиеші, №7 «Еркетай» балабақшасы-2 орынға,  Есеркепова С.Ж- тәрбиеші, №4 «Гүлдер» балабақшасы-3 орынға, Омарова К.Ш- аудандық музей қызметкері-3 орынға, Жауымбаева А.Ұ- мұғалім, мектептен тыс білім беру орталығы және Мусина Қ.А- оқырман  ынталандыру сыйлықтарымен алғыс хаттарға ие болды. Нәзік жандарды мерекелерімен құттықтай отырып, жергілікті ақын Реймов Қ.Е. «Әйел-Ана» жыр шумақтарын тарту етті.                 

0 комментариев

«Ана тілім-өмірімнің айғағы»

Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариам Төреғалиқызының 80 жасқа толуына орай өткізілген «Ана тілім-өмірімнің айғағы» атты кездесу кеші туралы   Тау кең техникалық колледжінің акт залында 2017 жылдың 3 наурызында аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариам Төреғалиқызының 80 жасқа толуына орай аудан әкімінің қолдауымен,Хромтау аудандық мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ана тілім-өмірімнің айғағы» атты кездесу кеші өткізілді.Кешке Мариам Төреғалиқызының шәкірттері,туыстары,әр жылдары қызметтес болған әріптестері, мекеме басшыларымен қатар, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының төраға орынбасары Қабақбаев Жанғабыл Жұмағалиұлы, Мұғаджар аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Құрал Байсұлтанұлы қатысты. Кеш барысында апайдың өмір жолы мен қызметі бейнеролик,слайд арқылы баяндалды.Ұстазы оқушыларын тақтаға сабақ айтуға шақырғандай шәкірттерін сахна төріне шақырып керемет кездесу болды.Мектепте қызмет атқарып жүрген кездердегі қызықты оқиғаларды шәкірттері еске түсіріп,Сағынжан Дильманов дайындап келген әндерін шырқап мектеп вальсін биледі.Шәкірті Баянғали Құлтаев сыныптастарының атынан сөз сөйледі.Уақыттың тығыздығына байланысты,келген қонақтардың барлығының тілек білдіруге мүмкіншіліктері болмағандықтаң, зал бойынша тілек альбомы ұсынылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері сахнаға шығып әсем әндерімен көңіл көтерді. Кеш соныңда Мариам…

0 комментариев