Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты

                 «Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты» тарихи-танымдық конференциясы      ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерін; азамат соғысы, әскери коммунизм, ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру, сталиндік қуғын-сүргін оқиғаларының тарихи маңызын ашу. Қуғын-сүргінге ұшыраған жергілікті жерлестеріміз, депортацияға ұшыраған халықтар туралы шараға қатысушы қонақтарға, мұғалімдерге, оқушыларға мол мағлұмат беру. Тарихтың ақтаңдақтарын аша отырып болашақ ұрпаққа ұлтжандылық қасиет орната білуге, тарихын білуге шақыру. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған жерлестер туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру мақсатында Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық кітапхана бірлесе отырып «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне», оның ішінде жаппай қуғын-сүргінге 80 жылдығына байланысты «Ақтаңдақ тарихтың ақиқаты» атты тарихи танымдық конференциясын өткізді. Аталған іс-шараға Хромтау тау- кен техникалық коледжінің 1курс студенттері, тарих пәні мұғалімдері қатысты.     Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Әли Алмат Амангелдіұлының ашаршылық және жаппай қуғын-сүргін құрбандарына…

0 комментариев