Балалармен жұмыс

 Хромтау аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде тұрақты оқырман балалармен жұмыс жасалды. №3 орта мектептің 3 «ә» сыныбының оқушысы Мергенова Айым «Түркістан» және ақын Фариза Онғарсынованың «Ана» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Ертегіні сүйіп оқитын №3 орта мектептің 3 «ә» сыныбының оқушысы Сабитова Лаура «Үш аю» қиял ғажайып ертегісін мәнерлеп айтып берді. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы күннен күнге артып келеді.    

0 комментариев

Ғабиден Мұстафин – кемеңгер жазушы

    Аудандық кітапхананың оқу залында 20 қазан күні ұлы классик жазушы, табиғаты өзгеше талант иесі, дархан даламыздың дүбірлі дүлдүлі Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына байланысты дәстүрлі «Ғабиден Мұстафин – кемеңгер жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашы Т.С.Жиембаева оқырмандарды Ғ.Мұстафиннің шығармаларымен таныстырып, тума-таланттың, қас шебердің өнер өткелдеріне көз сала отырып, қазақ әдебиетіне қандай олжа салғанын айқындайтын туындыларымен оқушыларды таныстырды. Осы шараға қатысқан жоғары сынып оқушылары Ғабеңнің өткен өмір жолы, шығармалары жайлы айтылған деректерді тыңдай отырып, өздері де әңгімеге шебер қатысты.

0 комментариев