\»Танысыңыз, жаңа кітаптар көрмесі!\»

  Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде қорға жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында «Жаңа кітап- жаңа сыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі саланы қамтитын 102 дана кітап қойылды, библиографиялық шолу жасалды. Шараға 100-ден аса оқырмандар қатысып, жаңа әдебиеттермен танысты. Кітап көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну. Сонымен қатар, балалар бөлімінен балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттер әлемінен жаңа кітаптарды алып оқи аласыңыздар. Сен үшін және сенің достарың мен аға-апаларыңа тек қана жаңаларды ұсынамыз.   В районной библиотеке оформили книжную выставку новых книг «Жаңа кітап- жаңа сыр», поступивших в 4 квартале этого года. Было выставлено 102 экземпляра. Был проведён библиографический обзор новых книг. А также в детском отделе районной библиотеки детей познакомили с новыми книгами и пригласили активно читать книги.

0 комментариев