\»Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы\»

 Аудандық кітапхананың оқу залында 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай аудандық кітапхана мен аудандық мұражай бірлесіп «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тақырыптық кеш өткізді. Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар желтоқсан оқиғасында мерт болған қазақ жастарының рухына, ерлігіне тағзым ете отырып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудандық музейдің кіші қызметкері Жетесов Нұртай Алмасұлы слайд арқылы тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болған - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат берді. Кешке № 5 мектеп-гимназияның 5-6 сынып оқушылары қатысып, тәуелсіздікке арналған өлеңдері оқылды, күмбірлете күй тартылып, патриоттық әндер орындалды. Сонымен қатар, 1991-2017 жылдар аралығында елімізде болған маңызды оқиғалар туралы слайд көрсетіліп, тәуелсіздіктің айтулы жетістіктері баяндалды. Кітапханашы Жанаева Мөлдір «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.    14 декабря 2017 года в читальном зале Хромтауской районной библиотеки прошел тематический вечер: «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы…

0 комментариев