\»Бір ел- бір кітап\» акциясы

     Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. \"Бір ел - бір кітап - 2018\" республикалық оқу акциясына Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының \"Ұшқан ұя\" және Немат Келімбетовтың \" Үміт үзгім келмейді\" атты кітаптары тандалды. Құрметті оқырмандар, баршаңызды осы ақын-жазушылардың шығармаларын оқуға шақырамыз!    В рамках республиканской акции \"Одна страна - одна книга - 2018\" по инициативе и при поддержке министерства Культуры РК и библиотечной Ассоциации РК выбраны произведения Шакарима Кудайбердиева, Бауыржана Момышулы \"Ұшқан ұя\" и повесть Немата Келимбетова \"Үміт үзгім келмейді\". Цель акции – развитие интереса к изучению литературного наследия Казахстана, общества, повышение мотивации на обучение, а также интеллектуально-духовное развитие для подростков.

0 комментариев

Кітап әлеміне саяхат

    Ақпан айының 21 күні № 6 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Керимова Г. Е., Дерманова Н. аудандық кітапханаға саяхатқа келді. Сынып жетекшілері қаламыздағы маңызды жерлерге сыныппен барып саяхат жасап жүргендерін ,кітапханаға келу мақсатымыз оқу үрдісіне керек қосымша мағлұматтар алу, оқушыларға кітаптар арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық құндылықты, ұлттық рухты, бойымыздағы қадір-қасиетті дамытуға бастайтын жол екендігін түсіндіру. Оқушылар кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен танысты. Алғаш рет осындай үлкен кітапханаға келген балаларға бәрі қызықты болып көрінді. Кітапхана бөлімдерінде болып, балаларға арналған көптеген суреттері бар энциклопедиялар мен анықтамалармен танысып, қызықты және танымдық кітаптарының жиынтығы бар екендігі жөнінде, сонымен қатар кітаптарды қалай дұрыс пайдалану туралы білді.«Әлемдегі ең қызықты кітаптар» атты кітап көрмесінен оқушылар көп қызықты сұрақтарын қойып, балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Т.С. әр кітап авторы мен мазмұнын қысқаша айтып отырды. Оқу залы - түрлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын сан алуан анықтамалар мен энциклопедиялардың тоғысқан жері. Сонымен қатар газет, журналдар, мерзімдіктер де бар. Кітапхана әдіскері…

0 комментариев

Жастығын жалын шарпығандар

     Хромтау аудандық кітапхана қабырғасында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 29 жыл толуына байланысты «Жастығын жалын шарпығандар» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов, қалалық мектеп оқушылары, тау-кен техникалық колледжінің студенттері және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман ардагерлер қатысты. Шара Отан үшін соғыс жалынынан қорықпай, кеудесін оққа тосып қаза болған жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алудан басталды. Кездесуде сөз сөйлеген «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ардагерлерді жасөспірімдерге үлгі етті. Шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншілері ардагерлерге арнап ән орындаса, мектеп оқушылары жалынды жырларын тарту етті. Ардагерлер жасөспірімдерді елдің патриоты болуға шақырып, тарих беттеріндегі естеліктерімен бөлісті және әр жыл сайын шара ұйымдастырып, елеусіз қалдырмайтын кештің өтуіне түрткі…

0 комментариев