Балалар кітабы апталығы

 29- наурыз күні Апталықтың ашылу салтанатына сынып жетекшілерімен бірге №1,3,5 мектептің  1-5 сынып оқушылары қатысты. Дәстүрге сай «Кітап-ғажап әлем» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге балалар кітабының атасы Қадір Мырза-Әлінің томдық кітаптары мен Т. Молдағалиев, Ы.Алтынсарин, С. Мұратбеков, Б.Соқпақбаев сынды  жазушылардың  кітаптары сондай-ақ әлем балалар әдебиетінің үлгісінен   шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары да көрініс тапты. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытып отырды. Балалар жазушысын біразы білсе, көбі білмей жатты. Сол себепті балаларды өз өлкесі мен туған жерінің тарихын, ақын-жазушыларын білу, таныту мақсатында  көптеген    қаламгерлермен олардың туындылары  жайлы мағлұмат берілді.        30- наурыз күні Кітап апталығы бағдарламасына сәйкес «Ертегілер еліне саяхат» ертеңгілігі өткізілді. Балалардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстыру мақсатымен «Бір, екі, үш! Ертегі әлеміне түс!» атты жұмбақ-ойын ұйымдастырылды. Балалар «Сөзді аяқта», «Ертегі кейіпкерлерді тап» т.б. ойындарын көңілді ойнап, жаңа кітаптардан оқыған ертегілерді қызыға тыңдады. Балалардың қатысуымен «Бауырсақ», «Аңқау қасқыр» қойылымдары көрсетілді. Іс-шара барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота» және…

0 комментариев