«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

    24 сәуір күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 1- Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл мерекелік шараны № 5 мектеп-гимназиясының 1«а» сынып оқушыларымен мұғалімі Дүйсенгалиева Ақбаян Кумаровнамен бірлесе отырып ұйымдастырдық. Ертеңгілікте бүлдіршіндер елімізде мекендейтін ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін насихаттады. Ертеңгілік барысында өздері даярлаған ұлттың барлық ұлттық құндылықтарын көрсетіп, жарастықты, бірлікті ұрандай келе, барлығына үлкен шаңырақ бола білген Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеті екенін айқын дәлелдеді. Өз қолдарымен түрлі түсті ленталардан жасаған шаңырақ астында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен нақышына келтіріп орындады. Бүлдіршіндер мереке мәнін аша түсетін «Бірлік бар жерде – бақыт бар» және \"Бауырласпыз, туыспыз! \"атты тақпақтар оқыды. Достық, бірлік тақырыбын насихаттайтын «Бірлік» атты қойылым көрсетіп, әртүрлі қырғыз, өзбек, үнді, грузин, тәжік, орыс, украин т.б және өзіміздің ұлттық қазақ киімін киген оқушылар достық сезімдерін өлең шумақтарын айтып, «Дос болайық бәріміз!», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Ақ көгершін», «Қазақ елі осындай!» әндерін көтеріңкі көңілмен шырқады. Қыздарымыз басқа ұлтың…

0 комментариев