«Қазақ әдебиетінің ақсұңқары»

     15 мамыр күні аудандық кітапхананың оқу залында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ш.Құдайбердиевтың «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби-танымдық кеші өткізілді. Жазушының шығармашылығын, рухани асыл мұраларын насихаттау мақсатында өткен Ш.Құдайбердиевтың әдеби кеші сезім мен сырға толы болды. Әдеби кеш №5 мектеп гимназиясының оқушыларымен жетекшісі Рахметова Феруза Жақсылыққызының қатысуымен өтті. Сондай-ақ, мектептен тыс білім беру орталығының домбыра мен би үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында оқушылар Ш.Құдайбердиевтың махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен жыр-шумақтарын мәнерлеп оқыды. Ақын шығармашылығына деген махаббаттарын осылайша көрсеткен оқушылар, сонымен бірге «Шәкәрім мұрасы-өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесін және ақын шығармасымен, өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоу қатысушылар назарына ұсынылды. Кешке келген әдебиет сүйер қауым ақын өлеңдерімен танысып, бүгінгі ұрпақтың ақын өнерін, мұраларын, шығармашылығын қастерлей білетіндіктеріне көз жеткізді. Шәкәрім атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте тұту-біздің қасиетті борышымыз. Шара соңында «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызы оқушыларға, кітапхана ұжымына өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, мектептен тыс білім…

0 комментариев