Ризашылық пен алғыс

 Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы \"Мәңгілік ел\" идеясын қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараларға белсенді қатысқаны үшін Хромтау аудандық орталық кітапханасы балалар бөлімінің кітапханашысы Жиенбаева Тамара Сағирқызына алғысын білдірді.

0 комментариев

Ақтөбе жыр құшағында

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 2014 жылдың сәуір айының 23-де өтетін \"Ақтөбе жыр құшағында\" атты дәстүрлі облыстық балалар поэзиясы байқауын жариялады. Байқаудың мақсаты: \"Қазақстан - 2050\" стратегиясын қолдау, балалардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, тіл мәдениетін дамыту және ақындыққа құштар балаларды табу.      Байқаудың қорытындысы бойынша Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылының 6-сынып оқушысы Абдрахманова Дана жүлделі 2-орынды иеленді.      Данаға алдағы уақытта сәттілік тілейміз!!!

0 комментариев