Дөң ауылдық кітапханасына «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» атағы берілді

Бұл салтанатты ашылуға Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Н.Д.Аспенов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н.Елеутов,  Дөң ауылының әкімі Д.Қ.Тұрлыбаев, Дөң орта мектебінің мұғалімдері және оқушылары, кітапхана қызметкерлері, оқырмандар  қатысып, өз лебіздерін білдірді. Сонымен бірге, ауыл әкімі Д.Қ. Тұрлыбаев заман талабына сай жасақталған кітапхана статусын  Дөң ауылдық кітапханасына берілгеніне  қуанышты екенін, салтанатты шараға келген қонақтарға, кітапхана қызметкерлеріне еңбектері жемісті болып, осындай деңгейде басқа да ауылдық кітапханалар қол жеткізулерін тіледі. Бөгетсай модельді ауыл кітапханасының кітапханашысы Ж.Бірімжарова және Ақжар модельді ауыл кітапханасының  кітапханашысы Ұ.Омарова «Кітапхана жұмысын ұйымдастыру мен басқарудағы жаңа технологияларды қолдану тәжірибесінен» өз жұмыстарын слайд бойынша баяндап берді. Дөң ауылдық кітапханасының оқырмандары кітап туралы өлеңдерін оқып, әсем әндер орындады.  Жазғы сауықтыру демалысы Бурабайда өткен «Жасталап» Республикалық байқауының 1 орын жүлдегері, кітапхананың кішкентай оқырманы Жасағанбергенов Диас ақын М.Мақатаевтың «Отан», Е.Бахтияровтың «Бурабай» өлеңдерің оқып, көрермендерді тәнті етті. Шара соңында  аудандық кітапхана директоры А.Ж.Таимова кітапхананың блогтарына шолу өткізіп, шараға қатысушыларына өз алғысын білдірді.    

0 комментариев