Жас дарын/ Молодой талант

№5 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы Тағыбергенов Тегістің шығарған «Жамбыл бабама» атты өлеңі  «Жамбыл бабама» 170 жыл жыр алыбы- Жамбылға, Жамбыл бабам біз үшін алып тұлға. Бір ғасырдың куәсі боп табылған, Ұмытпаймыз өзіңді әр жылда.   Жауынгерге жігер бергенсенің рухты өлеңін, Сарбаздарға қуат берген «Ленинградтық өренім». Есіміңді халқын сенің ұмытпайды ешқашан, Барлық елді тәнті еткен өленің мен өнерің.                                                  26.02.2016 жыл   Стихотворение «Жамбыл бабама» ученика 8 класса школы гимназии  № 5 Тагыбергенова Тегиса

0 комментариев

\»Алғыс айту күні\»/ \»День благодарности\»

1 наурыз - Алғыс айту күніне байланысты, музейде, аудандық музей мен аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері «Қазақ еліне тағзым» тақырыбында көрме жасақтады. Көрме экспозициясына қазақ халқының және өзге ұлт өкілдерінің тұтыну бұйымдары және Тәуелсіз Қазақстанның тарихының, экономикасының, мәдениетінің даму тарихымен таныстыратын тарихи кітаптармен бірге ұлттық құндылықтарымыз туралы   шығармалар қойылды. Көрмеге №5 МГ- ның 8 сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ф.Рахметова, музей досы М.Елемесова, кітапхана қызметкерлері қатысты. Музей экскурсоводы С.Ж.Алдаберген көрме экспозициясына экскурсия жүргізсе, кітапхана қызметкері Ж.Айтанатова көрмеге қойылған кітаптарға библографиялық шолу жасады. Ғылыми қызметкер Б.Ж.Нұрмұханова музей досы М.Елемесоваға музей қорын толықтыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, естелік сыйлық тапсырды. №5 МГ-ның мұғалімі Феруза Рахметова С.Алдабергеннің мазмұнды өткізген экскурсиясына өз ризашылығын білдірді. Ғылыми қызметкер Б.Ж.Нұрмұханова 1 наурыз - Алғыс айту күнінің қабылдануы мен мәніне жан - жақты тоқталып, «Жақсы сөз жарым ырыс», «Жауынмен жер көгерер, батамен ер көгерер» - деген халықтың нақыл сөздерімен шараны қорытындылады. Аудандық кітапхана музеймен бірлесіп алғыс айту күніне байланысты «Қазақ еліне тағзым»атты шара өткізді.…

0 комментариев

1 наурыз/1 марта

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды және 2015 жылы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялауды ұсынды. 14 января 2016 года Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев подписал изменения в Указ от 20 января 1998 года «О профессиональных и иных праздниках в Республике Казахстан». 1 марта 1995 года в Казахстане была учреждена Ассамблея народа Казахстана, и в 2015 году в рамках празднования двадцатилетия Ассамблеи Глава государства предложил объявить этот день Днем благодарности, когда представители всех этносов страны могут поблагодарить друг друга и казахов за терпимость и гостеприимство в те годы, когда многие этносы были депортированы в страну.

0 комментариев