Барлығын шақырамыз!/Приглашаем всех!

24 наурыз күні Шараның ашылу салтанаты әдемі, көркем атпен аталған «Кітап деген ғажайып әлем» атты театрландырылған көрініспен басталды.«Тапқыр оқырман» атты оқырмандар сайысы өтті. Балалар екі топқа бөлініп «Кітапсүйгіштер» және «Кітапқұмарлар» тобы болып жарысты. Сайыста «Сөз тапқанға?» (әріпке қатысты сөз арқылы сұраққа жауап беру), «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап), «Ойлан тап!» («Кітапхана» сөзінен сөз құрау), «Суретпен жұмыс» (берілген суреттен әңгіме құрау) кезеңдер болды. Балалар ойында белсенділік пен шапшаңдылық танытты. Осы өткізілген шараға Мектептен тыс білім беру орталығының «Ән әлемі» вокал үйірмесінің жетекшісі Бисенова С.А. шәкірттерімен қатысып мерекеге арнап әндер шырқап берді. 24 марта – день открытия мероприятия началось с театрализованного представления «Кітап деген ғажайып әлем»: Между читателями провели конкурс. Находчивый читатель, где читатели отвечали на вопросы, касающие книг.     

0 комментариев