Қабдеш Жұмаділов/Кабдеш Жумадилов

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста. Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды. Кабдеш Жумадилов (род. 25 апреля 1936) — советский и казахстанский писатель, народный писатель Казахстана (1998). В 1965 году окончил Казахский государственный университет имени С. М. Кирова. В 1965-1967 годах работал литературным сотрудником в газете «Қазақ…

0 комментариев

Халықаралық кітап күні/Всемирный День книги

Дүниежүзілік кітап күніне орай, 20 сәуір күні Хромтау аудандық кітапханасының балалар бөлімінде іс-шара өтті. Юнесканың қолдауымен 23 сәуір - «Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. 1996 жылдан аталып келе жатқан бұл мереке шын мәнінде әлем алдында кітап пен кітапхананың беделін көтеруде. Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға қызықтырумақсатында №1,3,5 мектептің 4- 5 сынып оқушылары арасында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында ойын-викторина өткізді. Толығырақ: Бұл іс-шараның бас кейіпкері - кітап. Кітаппен жақын болғанның қашанда жолы – даңғыл. Оқушылар ең алдымен кітаптың, қағаздың шығу тарихымен танысса, одан әрі ақын-жазушылардың кітап туралы жазған өлеңдерін жатқа айтып берді. Өткізілген іс-шарада оқушылар өздерінің білімділігін көрсете білді. Берілген тапсырмаларға, қойылған викториналық сұрақтарға, мақал-мәтелдерге, сөзжұмбақтарды шешуде өте жақсы жауап беріп белсене араласып отырды. Домбырамен күй тартып, ән шырқады. Балалар бөлімінің кітапханашысы Т.С.Жиембаевва «Кітап – рухани қазына» атты кітап көрмесіне шолу жасап таныстырып, мерекелік кештен ескерткіш ретінде «Жас оқырмандар үшін» жадынамалар дайындалып таратылды.   20 апреля в детском отделе Хромтауской районной библиотеки провели…

0 комментариев

Облыстағы діни ахуал және діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері

Сәуір айының 15 де, №5 мектеп гимназиясының акт залында ,қоғамда өз көзқарасын айқындай алатын ,жат діни ағымдардан аулақ жүретін,сенімі берік, қоғам өмірінде биік мақсаттарды жүзеге асыруға дайын, ұлтжанды азамат тәрбиелеу мақсатында аудандық ішкі саясат және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Облыстағы діни ахуал және діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.Шараға «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы Халелов Ерлан Мамайұлы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы, аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Әли Алмат Амангельдіұлы, №5 мектеп –гимназиясының оқушылары, мұғалімдері, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Шара дін мен бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналып, дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ жастарының дінге көптеп бет бұрып жатқанымен түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандары , тура жолдан адаспас үшін қалай сақтануға болады, яғни басқа жат ағымдардың уысына түспеудің жолдары туралы пікір алмасты.Оқушылар қонақтарға көкейлерінде жүрген дін туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

0 комментариев