Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл   Тамыз айының 6 да Тау-кен техникалық колледжінің мәжіліс залында аудандық мәдениет үйі, кітапхана, тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  Семей ядролық сынақ  полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай конференция өткізілді. Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.  Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады.  Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.  1991 жылы тамыздың 29-ында «Семей ядролық полигонын жою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойып, шешім шығарды. Полигон зардабын тартып, ядролық сынақтан пайда болған қасіреттен айырылмаған…

0 комментариев