«Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы

«Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» оқырмандар конференциясы Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында Қазақстан халық жазушысы, шебер қаламгер Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Әбіш Кекілбаев – шебер қаламгер» атты «Ш ыңырау» повесі бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға № 3 Хромтау орта мектебінің оқушылары, мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы қысқаша слайд көрсетілді.№3 мектептің 8 класс оқушылары «Үркер» романынан алынған қысқаша қойылым көрсетті. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері – Келгесинова Рахия Жарасқызы және Махмудова Айнұр Амандыққызы оқушыларға «Үркер» романы мен «Шыңырау» повесі туралы әңгімелеп берді. Оқушылар осы шығармаға қатысты өз ойларын ортаға салып, басты кейіпкердің еңбекқорлығы, шөл даладағы бірден бір су көзі құдық ,құдықшылық кәсібі жалпы шығарманың тәрбиелік мәні туралы талқылады. Сонымен қатар, шебер, керемет құдықшы, талай елдің шөлін қандырып, сауабын алған ерекше қабілетті ,аты аңызға айналған шығарманың басты кейіпкері- Еңсеп туралы, «Шыңырау» повесі туралы бейне-ролик көрсетілді. Оқу залында Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Әдебиетіміздің асқар биігі» айдарымен безендірілген кітап көрмесі оқырмандар назарына…

0 комментариев