\»Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы\»

                      Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында «Мәңгілік елдің биік мұраттары» атты облыстық акциясын жариялды, осыған орай Хромтау аудандық кітапханасының балалар бөлімінде аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып, желтоқсан айының 7 күні «Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Өскелең ұрпаққа еліміздің Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, оларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу мақсатында өткен шараға №1 мектептің 9 класс оқушылары және мектептен тыс білім беру орталығы үйірмесінің оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні орындалып, шара барысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылында еліміз қол жеткізген атаулы сәттерге шолу жүргізілді. Тәуелсіздік жылнамасының ең негізгі даталары туралы слайд көрсетіліп, кітап көрмесі безендірілді. Үйірме оқушылары Отанға деген құрметтерін өлең шумақтары арқылы жеткізсе ,мәдениет үйінің өнерпаздары Ж.Мырзахметова, С. Байжанов көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әндерімен әрледі. Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық…

0 комментариев