\»Жырымен жас ұрпақты тербеткен\»

Белгілі қазақ драматургі, ақын әрісценарист, мемлекеттік «Алаш» сыйлығының лауреаты,«Балдырған»балалар журналы бас редакторыныңорынбасары,көптеген әдеби кітаптардың авторы Ескен Елубаевтың 75 жылдығына орай үшінші ақпан күні аудандық кітапхана және №5 мектеп кітапханасының ұйымдастыруымен «Жырымен жас ұрпақты тербеткен» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке №5 гимназиясының 4-3 сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: балаларға қазақ ақындарының шығармашылын насихаттау, соның ішіндеЕскен Елубаев ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен жақынырақ таныстыру. Ақынның кітабынан алынған таңдамалы шығармаларарқылы оқушылардың сөз байлығын кеңейту, оқу мәдениетін қалыптастыру,жеңіләзіл және шынайылық стилінде жазылған жаңа заманға сай өлеңдермен таныстыру. Балаларға автордың жазған жаңылтпаштары, жұмбақтары, өлендері, пьесалары жазылған кітаптарға шолу жасалды. Ақынның өмірі туралы мәлімет оқылып, кітаптары аталды. Оқушылар жаттаған өлеңдерін ортаға салып бөлісті. «Асар» атты жануарлар туралы ертегі пьесасының желісімен көрініс көрсетілді. Кеш сонында этнографиялық жұмбақтары қойылды, балалар белсенді түрде жауап берді. Бұл жас ұрпақтың Ескен Елубаевтың шығармашылығына деген қызығушылығының айқын көрінісі. 3 февраля 2017 года в школе-гимназии №5 для учащихся 3-4 классов, библиотекарями районной и школьной библиотеки был проведен литературный вечер «Жырымен жас…

0 комментариев