Алғыс — сөздің асылы

  Наурыз айының 1 күні сағат 15:00де аудандық кітапханада аудандық мәдениет үйі, аудандық орталықтандырылған кітапхана және Хромтау аудандық тарихи - өлкетану музейі бірігіп «Алғыс - сөздің асылы »мерекелік кеш өткізілді. Елбасының Жарлығына сәйкес,елімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні болыпжарияланғаныбелгілі. Бұл мереке елімізде екінші рет тойланып отыр. Бұл күні адамдар бір- біріне қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір- біріне алғысын айтады. Осы себеппен кешіміздің қонақтары Елемесова Мәрзия апай, Бекжанов Жомарт ағай - бұл кісілер музей қорына көне жәдігерлер , құнды кітаптар тапсырған және Жұмағалиева Мариам Төреғалиқызы- ауданымызға белгілі тіл жанашыры.Сонымен қатар, Сейтимбетова Ақбике Габбасовна, Уразбаева Өтебике Әлиқызы,Тюлебаева Алмагүл апай- мәдениет саласының зейнеткерлері. Кештің алғы сөзі Хромтау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елеутов Қайрат Нағашыбайұлына содан соң мекеме директорларына Бибігүл Ұзақпайқызына, Айгүл Жақыпқызына және Хромтау аудандық тарихи -өлкетану музейінің қор сақтаушысы Гүлсім Шәмшатдинқызына берілді. Кешімізге келген қонақтар да өздерінің лебіздерін білдірді және де келген оқушыларының бірі класс жетекшісіне алғысын білдірді. Кеш барысында Хромтау аудандық мәдениет…

0 комментариев