Кітапхана №7 «Еркетай» балабақшасында қонақта

26 мамыр күні кітапхана қызметкерлері №7 «Еркетай» балабақшасында қонақта болды. Балалар жаңа кітаптарды қызыға тамашалап, белгілі ертегілер туралы әңгімелеп берді. Кітап пен баланың арасындағы байланыс мектептен бұрын орнатылуы тиіс деген бағытпен, балаларды кітап оқуға баулып, кітапхананың оқырмандары болуға шақырдық.     26 мая работники Центральной районной библиотеки побывали в детском саду №7 «Еркетай». Библиотекарь рассказала ребятам о новых детских книгах и их создателях. Дети с удовольствием листали страницы новых книг, обсуждали всеми известные сказки и рассказы. Всем было очень интересно, ведь общение с книгами духовно обогащает маленького человека, делает его добрее и прекраснее. В заключение, библиотекарь пригласила всех ребят в библиотеку.     

0 комментариев

№6 «Ақ көгершін» балабақшасына саяхат

Аудандық кітапхана қызметкерлері Кадиржанова Г.К., Иссалиева А.М. №6 «Ақ көгершін» балабақшасына барды. «Құлпынай», «Балдырған», «Ақбота» топтарының балалары жаңа қозғалмалы қызықты кітаптар мен ертегі кітаптарын тамашалады. Бүлдіршіндерге кітапхана туралы ақпарат беріп, кітапхананың оқырманы болуға шақырды.     Библиотекари Кадиржанова Г.К., Иссалиева А.М. отправились в детский сад №6 «Ақ көгершін»где познакомили детей с интересными книгами. Детишкам групп «Құлпынай», «Балдырған» и «Ақбота» показали новые книги с яркими картинками и с движущимися персонажами из сказок. А так же ознакомили с книгами народных сказок. Рассказали об истории библиотеки, о книжном фонде и пригласили их в библиотеку.     

0 комментариев

Буккроссинг

                 Буккроссинг «Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір «Bookcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті. Ал, Қазақстанда «Буккроссинг» акциясы 2005 жылдан бастау алыпты. 23 мамыр күні Дөң орта мектебінің кітапханасында жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатымен «Буккроссинг» ұйымдастырылды. Шараға мектеп директоры Жекеева А, 11 класс оқушылары қатысты. Шара барысында Дөң ауылдық кітапханасының кітапханашысы Бирманова Ж.Р аудандық кітапхана атынан 3 дана кітап сыйға тартты.          

0 комментариев