Ою ойғанның ойы артық

                 Ою ойғанның ойы артық  2017 жылдың наурыз айынан бастап аудандық кітапханада «Алтын жас» клубы ашылды. Клуб екі айда бір реттен кітапханада жиналып іс-шараларға қатысып отырады. 23 мамыр күні аудандық кітапханада «Алтын жас» клуб мүшелерінің қатысуымен «Ою ойғанның ойы артық» тақырыбын да эстетикалық тәрбие сағаты өткізілді. Клуб мүшелері: Абдрахманова Рыстыгүл, Нурмуханова Бекзада, Туражанова Гүлшат, Достанова Набира, Марзия әжей қатысты. Клубтың мақсаты: жеткіншектердің кестетігу мен ою-өрнек қиып, тоқыма тоқып тағы басқада қолөнерден едәуір хабардар болуын, келешекте қандай мамандықты меңгерсе де жасөспірімдердің рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру балаларды қазақтың қол өнер бұйымдарымен таныстыру. Кітапханашы Т.С.Жиембаева қазақтың ұлттық ою-өрнектер, олардың шығу тарихы, ерекшеліктері, қолданылуы туралы айтып,ұлттық ою-өрнек туралы жазылған энциклопедияларымен таныстырып шолу жүргізді. Кешіміздің қонағы «Алтын жас» клубының мүшесі шебер Марзия әжей өз қолынан жасаған бұйымдары алып келіп, әңгімелеп айтып берді. Кесте тоқу, құрақ құрау, шілтер тоқу әдістері туралы айтып, көрсетті. Әсіресе 82 жастағы шебер Марзия әже ілмекпен тоқығанда тек балаларды емес…

0 комментариев

Кітаптар қонақта

                 Аудандық кітапхананың балалар бөлімі кітап оқуға көбірек баулу және ой-өрісін кеңейтуі, ойлауға үйрету, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу мақсатымен №8 «Тұлпар» балабақшасының «Балақай» тобының бүлдіршіндеріне ертегілер, түрлі-түсті суретті, қызықты кітаптар алып барып, оларға кітапхана туралы ақпарат берді, кітапханада өтетін шараларға қатысуға, оқырманы болуға шақырды.     В целях привлечения читателей в библиотеку было организовано посещение в детский сад №8 «Тұлпар», где познакомили детишек с новыми книгами, рассказали о библиотеке, и пригласили их в библиотеку.                                           

0 комментариев

\»Ешкім де, ештене де ұмытылмайды\» екі ұрпақтың кездесуі

                 «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» екі ұрпақтың кездесу кеші( Отан соғысы, ауған соғысы ардагерлерімен кездесу) 5-ші мамырда Хромтау аудандық кітапханасы және аудандық мәдениет үйінің қызметкелерінің ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күні және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты екі ұрпақтың ҰОС тыл ардагерлері және Ауған соғысының ардегерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты: Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін, тыл еңбегін үлгі ету; Ұлы Отан, Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Бұл кездесу кешіне қонаққа ҰОС тыл ардагерлері:Салдықбаев Қ.Е., Искаков Т .И.,Кереев Т., Изгалиев К. Ауған соғысының ардагерлері: Оспанов М.Қ., Имандосов Е.М., Елемесов М.Б., Тальменов А. келді. Бұл өткізілген шараға Тау-кен техникалық колледжінің студенттері, 301тобының кураторы М.Бисенбаева, колледж кітапханашысы М.Тымбаева қатысты. Кездесу кеші салтанатты түрде мемлекеттік гимнімен басталды. Бүгінгі ұрпақты ерлігімен өшпес даңққа бөлеген батырларымыздың ерлігіне бас иіп, 1минут үзсіздікпен еске алды. Алғашқы құттықтау…

0 комментариев