Танысайық, жаңа кітаптар!

 2017 жылғы тамыздың 20-27 жұлдызы аралығында аудандық кітапханада «Жаңа түскен әдебиеттер» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен 120 дана кітап қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат-оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту. Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітаптар, тарихи деректер мен энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен мәдениет пен өнер, сондай-ақ оқушыларға арналған танымдық кітаптар қойылды. «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» әдеби альманах, Д. Мәсімханұлының Таңдамалы 3 томдық, С.Қорабайдың «Қазақтың сал-серілері» танымдық жинақ, М.Қыдырбаевтың «Сиқырлы саз сырлары» күй тарихы.«Ұлы дала елі» қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, тағамдары.Кітап үш тілде жазылған: қазақша,орысша, ағылшынша., Қ.Елеместің «Шырағым-ай» әдептілік туралы әңгімелер жинағы, Н.Құлбаевтың «Біз қонақжай елміз» фотоальбом, Е.Тоқсанұлының «Бауырым-ай» шығармасы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы-айтулы мерекеге орай спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. О.Сүлейменовтің бес томдық шығармалар жинағы, А. Абасилов «Әлеуметтік лингвистика сөздігі» әлем тілдері туралы қысқаша мәліметтер, Ә.О.Жалдыбаевтың «Темірбек Жүргенов-Қазақстандағы тұңғыш озық мәдениет революциясының…

0 комментариев