«Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым»

     Наурыз айының 16 күні аудандық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 22 наурыз мерекесіне орай «Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты балабақшалар арасында сайыс өтті. Сайысқа №1 «Күншуақ» балабақшасы, №3 «Айгөйлек» балабақшасы, №4 «Гүлдер» балабақшасы, №5 «Ақбота» балабақшасы, №6 «Ақ көгершін» балабақшасы, №7 «Еркетай» балабақшасы, №8 «Тұлпар» балабақшалары қатысты. Мақсаты: Дәстүр мен өнерге бай қазақ елінің тілін,мәдениетін,тарихы мен мәдени құндылықтарын насихаттау. Қатысушылар берілген тапсырма бойынша сәлемдесу,салт-дәстүрден көріністер, әдет-ғұрып жайында сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша: №7 «Еркетай» балабақшасы-бас жүлдеге, №5 «Ақбота» балабақшасы -I орынға, №8 «Тұлпар» балабақшасы- II орынға, №1 «Күншуақ» балабақшасы -III орынға, № 3 «Айгөлек» балабақшасы, № 6 «Ақкөгершін» балабақшасы ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ, мектептен тыс білім беру орталығы үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңында келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.   16 марта в Хромтауской районной библиотеке в рамках программы «Рухани жаңғыру» прошел конкурс среди садиков «Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым», приуроченный к празднованию наурыза. В…

0 комментариев