«Ақ орамал – ізгіліктің бастауы»

    28 наурыз күні Хромтау аудандық кітапхана қабырғасында кітапхана және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері «Ақ орамал» республикалық акция аясында «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның мақсаты – аталы сөзден аттамай, салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген, қасиеті қанына сіңген қазақ ұлтының өнегеге толы өмірінің бір бөлшегі – ақ орамалдың қасиетін қастерлеп, жастарға жеткізу. Дөңгелек үстелге облыстық және аудандық шараларға белсене қатысып жүрген «Замандастар» халықтық хор ұжымының ақ жаулықты аналары қатысты. Дөңгелек үстел барысында әуезді әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Ақ жаулықты аналарымыз орамал жайлы орамды ойларын айтып, пікір білдірді. Мұсылман халқының әйелдері үшін орамал тағу парыз саналған. Батыс елдерінде орамалды қорғаныш ретінде тағатын болса, қазақ халқы үшін орамал – ибалықтан, инабаттылықтан көрініс береді. Орамал – құрмет пен қасиетке ие болған әйел адамның көркіне көрік, әдемілігіне сән қосқан әшекей. Құстың қауырсынындай салмаққа ие болса да үлкен қасиетке ие, - деді «Замандастар» халықтық хор ұжымының мүшесі Садыкулова Мария анамыз. Қазақ әйелдері үшін орамал – тазалық пен тәртіптің белгісі.…

0 комментариев