«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

    Аудандық кітапхананың оқу залында 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» тақырыбында өткен тыл еңбеккерлерімен кездесу кеші Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Шараға тыл ардагерлері Мұхамбетов Аманғали Бисенұлы, Салдықбаев Қадыржан Есенбайұлы қатысып, жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерліктерімен жеңіс күнін жақындатқан майдангер ата-апаларымыз жайлы ұлағатты әңгімелер айтып, бір сәт елге де, ерге де сын болған соғыс жылдарына дөп келген балалық шақтарын естеріне алып, жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды. Мектептен тыс білім беру орталығының «Сөз өнері» үйірмесінің оқушылары: Шегебаева Саяжан М.Мақатаевтың «Менен сұра»; Баимбет Әсел, Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем»; Амангельдина Әсел, Тұманбай Молдағалиевтың «22 июнь 1941 жыл. Ең ұзақ күн», Мұхамбеді Ақбану, Күләш Ахметованың «Ғасыр қасиеті» т.б. өлең жырларды жатқа айтып, би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері ардагерлерге арнап би билеп, № 5 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Амангельдина Әсел «Қазақстаным» әнін орындап берді. Аталмыш шараға мектептен тыс білім беру орталығының үйірме…

0 комментариев