\»Ұлы дала елі\»
Аудандық кітапхана орталық саябақта Астана күніне арналған \"Астана - 20\" тақырыбында инсталляциялық көрме жасақтады. Оған \"Бабалар сөзі\" жүз томдығы мен \"Ақтөбе кітапханасы\" сериясымен шыққан 20 томдық кітаптар орналасты. Сондай-ақ \"Ұлы дала елі\" тақырыбында Астана қаласының 20 жылдық жетістігінен сыр шертетін кітап көрмесі қойылды. Мерекелік концертке келген қала тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалады.
0 комментариев
09.07.2018