ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ

 13 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған 15 сәуір-15 маусым аралығында жарияланған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн байқаудың қорытынды кеші өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Амангүл Кабибуллина және Хромтау ауданы ауылдық округтерінің кітапханашылары мен өнерпаздар қатысты. Шара барысында қазақтың ұлы ақыны Абай өмірінен көрініс қойылып, аудандық мәдениет үйінің әншісі Жасұлан Хусаинов Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнін, өнерпаз Айтқали Жайымов «Шаттық» күйін көрермендерге ұсынды. Үш бағыт бойынша өткен сайыстың жүлдегерлерін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов және сайысқа қазылық еткен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова марапаттады. Сайыстың қорытындысы бойынша «Абайға арнау» номинациясы бойынша І орынды Табантал ауылдық округінің ақыны Алтынбек Ермаханов, ІІ орынды Сарысай ауылынан Айгүл Бұхарбаева мен Тасөткел ауылдық округінен Маржан Әлмұқан иеленсе, ІІІ орынға тассайлық ақын Жақсығали Өтебалин ие болды.…

0 комментариев