«Оқи білген қандай жақсы!» акциясы

 Хромтау аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Оқи білген қандай жақсы!» айдарымен № 4 мектептің 1«Б» сынып оқушылары мен мұғалімі Дүйсенгалиева Ақбаян Құмарқызы және ата-аналардың қатысуымен «Оқырманға қабылдау» акциясы өтті. Кітапханашы Тамара Сагирқызымен  бірге балалар Кітап Еліне саяхатқа аттанып, кітапхананы пайдалану ережелерімен,  абонемент, оқу залдарымен, оқуға қандай кітаптар алу керек екендігі жайында қызықты құпиялармен танысты. Акция барысында кітаптар туралы жұмбақтар шешіп, иллюстрациялардың көмегімен кейіпкерлердің қай ертегіге тиесілі екендігін тауып, «Ертегі киіпкерін тап» атты қызықты да танымдық ойынға белсенді түрде қатысты. Іс-шара соңында барлық қатысушы балаларға «Кітапты пайдалану ережелері» атты жадынама  сыйға тартылды. Бірінші сынып оқушыларына арналған «Оқырманға қабылдау» акциясы қызықты және тартымды өтті.        

0 комментариев

«Тар заман» байқауы

 28 қыркүйек күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында аудандық «Тар заман» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балаларға тарихымызды, әдебиетті насихаттау арқылы жас ұрпақты кітап оқуға тарту, азамат соғысының қилы кезеңі суреттелетін қазақ көркем әдебиетінің классикаларын бүгінгі оқушыларға жеткізудің тиімді жолын табу. Байқауға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов және аудандық мәдениет үйінің әдіскері Бибігүл Баймұратова қазылық етті. Сайыс басталмас бұрын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов азамат соғысы жылдарындағы халықтың ахуалын баяндай отырып, осы соғыс жылдарының желісі бойынша жазылған шығармаларға талдау жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Байқау шарттары бойынша қатысушылар І кезеңде Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи романынан және Жүсіпбек Аумауытовтың «Ақбілек» романынан көрініс көрсетсе, ІІ кезеңде командалар аталмыш шығармаларға байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.  Сайыстың қорытындысы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің оқушылары І орынды иеленсе, ІІ орынды №4 Хромтау орта мектебі жеңіп…

0 комментариев

Тілім – өлшеусіз қазына

26 қыркүйек күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Тілім – өлшеусіз қазына» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік сезімді оята отырып шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді ұтымды пайдалануды үйрету, ана тілді құметтеуге шақыру. 6 сайыскер қатысқан шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Гүлсім Омарова және аудандық кітапхананың әдіскері Баян Абиева қазылық етті. Сайыс басталмас бұрын аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева тіл мерекесінің шығу тарихын баяндап, көрермен ретінде жиналған мектеп оқушылары мен Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттеріне қазақ тілінің терең тіл екенін және Қазақстан халқы үш тілді меңгеру арқылы жоғары білімді ел ретінде танылу керектігін айтып өтті.Сайысқа қатысушылар 5 кезең бойынша сыналды. І кезеңде өздерін таныстырса, ІІ кезеңде туған жер, салт-дәстүр, достық, отбасы, адамгершілік тақырыптарында мақал-мәтел айтып жарысты. ІІІ кезеңде түрлі жаңылтпаштарды айтып сайысса, ІV кезеңде қазылар алқасы ұсынған…

0 комментариев