«Үздік оқырман-2018»

    6 желтоқсан күні аудандық кітапхана оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында жылдың қорытындысы бойынша «Үздік оқырман-2018» марапаттау кешін ұйымдастырды. 2018 жылы жыл көлемінде кітапханаға үзбей келіп, ең көп кітап оқыған, мәдени шараларға қатысып, клуб отырыстарында белсенділік көрсеткен тұрақты оқырмандар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Кітапханада өтетін көлемді шаралардың ұйтқысы болып, ақыл кеңесін беріп, ауданымызда тіл мәртебесін көтеруде аяусыз тер төгіп жүрген, тіл жанашыры Мәриям Төреғалиқызына «Кітап жанашыры» номинациясы берілді. «Кітапхананың ең белсенді оқырманы» номинациясы бойынша Нурмуханбетов Алмат Сайлаубайұлына, «Кітапханаға адалдық үшін» номинациясы бойынша Кулетенов Куаныш Ахметұлы, «Балалар әдебиеті бөлімінің ынталы оқырманы» номинациясы бойынша Еркін Нұрдәулет, «Балалар әдебиеті бөлімінің үздік оқырманы» номинациясы бойынша Нурмагамбетова Алмажан, «Үздік жасөспірім оқырман» номинациясы бойынша Якиева Акжан, «Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша Дербисбаевтар отбасы, «Үздік оқырман – 2018» номинациясы бойынша Костикова Любовь Ивановна, «Үздік оқырман мектеп» номинациясы №3 Хромтау орта мектебі, Кітапхананың сенімді серіктесі» номинациясы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы Талтанова Айгүл Амандыққызы, «Үздік оқырман балабақша» номинациясы бойынша №7 Еркетай бөбекжай-балабақшасы…

0 комментариев