Хабарландыру!

 Құрметті оқырмандар! Cіздерді аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен жыл қорытындысы бойынша өтетін «Үздік оқырман-2018» марапаттау кешіне шақырамыз!!! Өтетін орны: Аудандық кітапхана Уақыты: 06.12.2018ж. 15:00    

0 комментариев

«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күндері жалғасуда

 Мақсаты:Қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Оқушылардың жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.Бүгінгі ашық есік  күніне № 3 мектептің 6 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Талтанова А.А. және № 4 мектептің 1«б» сынып оқушылары мұғалімімен, балалардың ата-аналарының қатысуымен өтті.   Оқушылар    Қазақ елі үшін аянбай қызмет етіп, Тәуелсіздігіміздің баянды болу жолында, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге өзінің білімі мен жігерін аямаған тұңғыш Ел Президенті Н.Назарбаев   туралы өлең жырларын айтып берді. Осы орайда ұйымдастырылған «Ерен Елбасы-кемел көшбасшы» атты кітап көрмесіне әр жылдары Президент қаламының ұшынан шыққан шығармалары, атап айтсақ, «Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», Н.Назарбаевтың әр жылдардағы қызмет хроникалары т.б. Елбасының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар қойылды . Кітап көрмесіне шолу жасаған балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашы Тамара Сагирқызы бұл көрменің міндеті оқушыларды Президенттің Тәуелсіз мемлекет құру жолында ерен еңбектерімен…

0 комментариев

«Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы»

 29 қараша күні  аудандық кітапханада «Елдігімнің өр тұлғасы- Елбасы» атты ашық есік күні өткізілді.    Мақсаты:  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымын, даналығын, өмір жолын үлгі етіп, жас ұрпақты Отанын, халқын, жерін сүюге, азаматтық, патриоттыққа тәрбиелеу. Шара барысында  оқу залында «Ерен Елбасы-кемел көшбасшы» кітап көрмесі ұйымдастырылып көрмеге  Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Евразия жүрегінде», «Мәңгілік ел»,  «Ұлы дала ұлағаттары» атты  еңбектері, Президенттің өмірі мен еңбек жолына арналған М.Қасымбековтің «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» кітабы, Елбасы туралы айтылған ойлар,жазылған  сөздері, Мемлекет басшысының әр жылдарда жарық көрген шығармашылық жұмыстары қойылып, әрқайсысына қысқаша түсініктемелер берілді. Айталық, «Қазақстан Республикасы» сериясының «Елмен сырласу» атты басылымына Президенттің ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді, сыртқы саясатта жалпыға бірдей қауіпсіздік пен ынтымақтастықты, мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды мұрат еткен сөздері мен сұхбаттары енгізілсе, 2007 жылы жарық көрген «Қазақстан жолы» кітабында Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттері баяндалады. Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас…

0 комментариев