\»Ұлы даланың жеті қыры\» дөңгелек үстел

  ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық тарихи–өлкетану мұражайы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Шара мұражай директоры Нұргүл Амангалиеваның «Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі» тақырыбында жасақтаған көрмесімен басталды. Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Әсима Сүйіналина, қалалық мектептердің тарих, география пәндерінің мұғалімдері, аудандық архив меңгерушісі Әсия Бектұрғанова, музыка мектебінің оқытушысы Талғат Мұхамеджанов және аудандық кітапхана мен мұражай қызметкерлері қатысты. Аудандық архив меңгерушісі Әсия Даулеткерейқызы қазіргі таңда Хромтау аудындық архивінде 98 қор сақталып келеді, жалпы 41578 бірлік, оның ішінде тұрақты 17249, жеке құрам бойынша 24329 бірлік сақталғандығы, жалпы Хромтау аудандық архивінде 1929, 1937 жылдардан бастап тарихи құжаттардың сақталып отырғандығы жөнінде айтып өтсе, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Төреғалиқызы мақаланың дер кезінде шыққаны және оған ауданның жұмыла жұмыс жасау керектігі туралы өз ойын ортаға салды. Кітапхана…

0 комментариев