\»Герой афганской войны Кара майор\»

 13 февраля 2019  года  в читальном  зале  районной библиотеки  прошел  еще один урок  мужества, посвященный  30-летию со дня вывода  Советских войск из Афганистана. Цель мероприятия - способствовать формированию патриотизма, воспитывать чувство любви к Родине, военной  службе, способствовать  воспитанию  уважения к  людям, побывавшим  в  горячих  точках. На  этот раз урок  был  посвящен легендарному  «Кара майору»  Герою афганской  войны Борису  Керимбаеву, ушедшего  из жизни  12 февраля 2019 года. Ученики  5 «г»  класса Хромтауской  средней школы № 4, работники районной библиотеки  минутой  молчания почтили  память  павших в  афганской войне.Зав.отделом обслуживания  библиотеки Тымбаева М.К. дала  информацию  о боевых заслугах  Бориса  Керимбаева, о 177 – ом  отряде специального назначения, который 8  месяцев  удерживал высоты  в  Панджерском ущелье. Были  показаны документальные  кадры  об афганской  войне, проведен  обзор документальной повести А.Жантасова  «Второй мусульманский.Спецназ из Казахстана.»          

0 комментариев

Ауғанстан

12 ақпанда  аудандық кітапхананың  оқу залында  Қеңес әскерлерінің Ауғанстан  жерінен  шығарылғанына  30 жыл толуы  қарсаңында  «Ауғанстан-жүректегі  жара» атты  ерлік  сабағы  өткізілді. Шараға  №6 Хромтау гимназиясының  оқушылары  мен  кітапхана  меңгерушісі Әлия Елеусізова қатысты. Оқушыларға  соғыс, интернационалистік  борыштарын орындаған жауынгерлер  туралы  бейнероликтер  көрсетілді. Аудандық  кітапхана  директоры Нұртай  Жетесов  оқушыларға қырғи-қабақ  соғысы, армиялық  қызмет  және  өзара  көмек, пайдаланылған  әскери  техника, сонымен  бірге  ауған  халқының  өмірінен  көптеген  қызықты  деректер  айтып  берді. Балалар бөлімінің кітапханашысы Тамара Жиембаева тақырыптық материалға  шолу  жасады.         

0 комментариев

«Ауғанстан – жүректегі жара»

 8 –ші  ақпан  күні  аудандық кітапхананың  оқу залында  Қеңес әскерлерінің  Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 30 жыл толуы  қарсаңында  №  3  мектептің 8, 9, 10 класс  оқушылары мен  мектеп  кітапханашы Талтанова А.А. қатысумен  ерлік сабағы  өткізілді. Ауған  соғысы туралы ақиқатты  жас  ұрпаққа жеткізу, интернационалдық  борышын  өтеу жолында  жерлестеріміздің  ержүрек ерліктерін  дәріптеу мақсатында  «Афганстан  жүректегі жара»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу  жасалды. Көрмеге Ауғанистандағы  шайқаста құрбан  болған  және сол соғыста  аман  қалған жерлес жауынгерлер  туралы  деректі материалдар, оқиғалардың куәгерлері мен қатысушылардың  фотосуреттері, мерзімді  басылымдар  беттерінде жарияланған  мақалалар топтамалары  қойылды. Шара  барысында Ауған соғысы  жайында  бейнефильм көрсетілді.         

0 комментариев