«Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар»

12 наурызда аудандық соттың төрағасы Айсұлтан Жабайұлы мен судья Саягүл Тәуекелқызымен «Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар» тақырыбында баяндама оқылып, кездесу өткізді. Кездесуге Хромтау аудандық тілдерді дамыту бөлімінің, АХАТ, Хромтау аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығы, әлеуметтік көмек көрсету бөлімі, Әділет басқармасының мамандары қатысты. Кездесу барысында Айсұлтан Жабайұлы Елбасы Жолдауын негізге ала отырып, қазіргі таңдағы сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталып, сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс екендігін атап өтсе, Саягүл Тәуекелқызы медиациялық басқарудың түрлеріне тоқталды. Хромтау аудандық сотының төрағасы Айсұлтан Жабайұлы сот жүйесі біріншіден тараптарды бітімге келтіруге тырысатындығын айтып, осыған орай ауданда медиаторлар жұмыс жасайтындығын жеткізді.Сонымен қатар, мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.       

0 комментариев

\»Өлкетану\»

№5 Хромтау гимназиясы \"Өлкетану\" үйірмесінің оқушылары өлке тарихымен танысу мақсатында аудандық кітапханаға келді. Қазақ даласындағы ашаршылық тарихын №6 Хромтау гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Бақбергенова өзінің баяндамасында таныстырды. Кітапхана директоры Нұртай Жетесов үйірме оқушыларына ашаршылық, өлкедегі ұжымшарлар мен кеңшарлардың құрылуы тарихына қысқаша шолу жасап, оқушылардың танымдық сұрақтарына жауап берді. Шара соңында ауданның тарихынан сыр шертетін өлкетану кітаптарына библиографиялық шолу жасады.    

0 комментариев

«Алғыс айту-игілік сыйлау»

 Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні- 1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Алғыс айту-игілік сыйлау»  атты  мерекелік шара өткізілді. Шараға  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, мәдениет және  кітапхана саласында көп жылдар еңбек еткен Р. И. Ильясова және А.Ғ. Сейтимбетова, Л.М. Крыжановская қатысты.Сонымен қатар , №1 мектеп оқушылары А.Молдахметова, Қ.Бердіғалиев, Мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары қатысып, Муафикова Айнұр «Туған жер» әнін, «Шабыт» би тобы  «Ой Варенька,Варенька» орыс биін, «Асыл мұра» үйірмесінің оқушысы Апетова Дильназ «Сыпыра жыраудың термесін» орындап қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қонақтар ұйымдастырушыларға, бүлдіршіндерге өздерінің ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Кітапхана директоры Н.А. Жетесов шараға қатысушыларға  алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті. Шара мерекелік дастарханмен жалғасты.      

0 комментариев