\»Қыз-ұлт болашағы\»

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Жастар жылына орай ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыз балаларға  дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау, кітапты қадірлеуге баулу, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында Хромтау аудандық кітапханасында «Қыз-ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауға әр мекемеден жеті ару қатысты: Мұхтарқызы Нұрзат-№5 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі,Асылқазықызы Сәнім- №4 Хромтау орта мектебінің мұғалімі, Қайырбекова Гульсина Ершатовна- №2 Хромтау гимназиясының мұғалімі, Қалматаева Гүлнұр Сайлауқызы - №5 Хромтау гимназиясының аға тәлімгері, Таймұхан Ақбаян Мұратқызы- «Ақтөбе облысының Хромтау аудандық жастар ресурсы және жастар арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығы» КММ қызметкері, Ганибаева Алия Сахиқызы- Ақжар ауылы «Болашақ» бөбекжай- балабақшасының есепшісі,Уразалина Айбану Асылказиевна – Дөң ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің бас маманы. Сайыс бес кезеннең тұрды:«Мен қазақтың қызымын» өзін таныстыру,  «Бәйге» салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру, «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету, «Білімнің қайнар көзі-кітапта» ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінді жазылған конверт таратылды,«Ұлттық тағамдар» үй жұмысы.Қатысушылар берілген тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап берді,өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Мұхтарқызы…

0 комментариев