«Махаббат — мәңгі ертегі»

  Аудандық кітапхананың оқу залында 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» ғашықтар күніне және Жастар жылына арналған «Махаббат - мәңгі ертегі» атты сайыс өтті. Сайысқа №2 Хромтау гимназиясының және Ақжар, Дөң, Табантал орта мектептерінің жоғары класс оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты- жастардың арасында қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дәстүрін, саф алтындай сөз өнерін кеңінен насихаттау, оларды рухани дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, жастардың өмірге деген позитивті көзқарастарын ұлғайту,кітап оқуға қызығушылығын арттыру. 5 кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар салт-дәстүр бойынша жұптар өздерін таныстыру, салт-дәстүрге, махаббат дастандарына қатысты сұрақтарға жауап беру, қазақ әдебиеті шығармаларынан үзінді оқу, өз өнерлерін көрсету кезеңдерінен өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Табантал орта мектебі- І орынды,  Ақжар орта мектебі-ІІ орынды, Дөң орта мектебінің оқушылары ІІІ орынды жүлделесе, №2 Хромтау гимназиясының оқушылары «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Шара соңында кітапхана директоры Н.А. Жетесов қатысушылар мен ұйымдастырушы мұғалімдерге ризашылығын білдіріп, дипломдар, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті. 15 апреля в читальном зале районной библиотеки прошел конкурс «Махаббат -…

0 комментариев