«Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын»

2019 жылы «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында өлкеміздің ақыны Сарышолақ Боранбайұлы таңдалған болатын. Осыған орай «Ұлы дала ақыны-Сарышолақ Боранбайұлы» атты жыр керуені эстафетасы 26 сәуір күні Хромтау аудандық орталық кітапханасында  «Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын» атты әдеби кешпен жалғасты. Шараға №3, №5 қала мектеп оқушылары мен мектеп кітапханашылары шақырылды. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара ақынның ел азаттығы жөніндегі жазған өлең, толғаулары туралы мәлімет беріп, №3 Хромтау орта мектебінің 8«ә» сынып оқушылары ақынның шығармаларын оқыды. Кешіміздің қонағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сандуғаш Сағадатқызы  ақынның өмірін жан-жақты баяндап, Сарышолақ шығармаларындағы басты сарын жер мәселесі, бас бостандығынан айырылған тұтас елдің мұң-зары айқын көрінетіні туралы әңгімеледі. Оқырмандар назарына бейнеролик көрсетіліп, «Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын» айдарымен дайындалған кітап көрмесі ұсынылды.    26 апреля  в Хромтауской центральной  районной  библиотеке прошел литературно- музыкальный вечер «Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын», посвященный Сарышолаку Боранбайулы. Вечер проведен в рамках областной акции « Читающий край».  На мероприятие были приглашены учащиеся и преподаватели гимназии №5 и средней…

0 комментариев