“Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы”

  4 маусым күні аудандық кітапханада ҚР Рәміздер күніне арналған мерекеге байланысты оқушылармен \"Мемлекеттік рәміздер-ұлт мақтанышы” атты танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, отанды сүю, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. Интерактивтік тақта арқылы мемлекеттік нышандар жайлы мәліметтер көрсетілді. Мемлекеттік рәміздер жайлы сұрақтар қойылып, балаларды отансүйгіштікке баулу мақсатында әңгіме жүргізіліп, тақпақтар айтылды. Іс-шара аясында балалар рәміздер туралы өз білгендерін ортаға салып, викториналық сайысқа түсті.                 4 июня в районной библиотеке прошел познавательный час \" Государственные символы-гордость нации ”, посвященный Дню Государственных символов РК.Цель: воспитание у учащихся чувства патриотизма, любви к Родине, развитие нравственных качеств .Юные читатели исполнили Гимн РК, декламировали стихотворения о любви к Родине, патриотизме. А приняли активное участие в викторине, показав свои знания о  государственных символах страны.             

0 комментариев

«Балалар бақытты болу үшін жаралған»

  1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні аудандық орталық кітапханада «Балалар бақытты болу үшін жаралған» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: балалардың бойындағы өнерге деген қабілеттерін ашу, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу. Қатысқан бүлдіршіндер өздерінің дайындаған жайдарман өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, әндерін орындап, билерін билеп, қызықты ертегілер қойылымдарын көрсетіп, ойын ойнады. Бұл өткен шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары және балалардың ата- аналары қатысты. Кітапханашылар қатысқан қонақтарды балалар мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерге сыйлықтарын табыс етті. Ертеңгілік өте қызықты өтті. 1 июня в Международный День защиты детей в центральной районной библиотеке прошел праздничный утренник  «Дети рождены для счастья».Цель: раскрыть способности детей к искусству, воспитание вежливости, дружбы .Ребята читали стихи, пели песни, танцевали, показывали инсценировки из известных народных  сказок,  принимали активное участие в интеллектуальной викторине и подвижных веселых играх.В мероприятии приняли участие постоянные читатели библиотеки и родители детей. В завершение праздника всем присутствующим детям были вручены подарки.            

0 комментариев

«Менің салған суреттерім»

1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен «Менің салған суреттерім» атты қағазда сурет салу байқауы өткізілді. Мақсаты: балалардың талантын,өзін-өзі танытуын, өз уақытын қызықты, көңілді өткізуі. Байқауға қатысқан балалардың суреттерінде бейбітшілік, мейірімділік ,махаббат сезімдерін білдіреді. Балалардың әр түрлі идеялары таңқалдырды. Суретте –аққулар, үйлер,автобустар, ағаштар мен гүлдер, басқа планета адамдарының суреттерін салған. Әр сурет жүлделі бірінші орын алды, барлық қатысқан балаларға сыйлықтар табыс етілді. 1 июня в Международный День защиты детей в районной библиотеке  был проведен конкурс рисунков среди  детей с ограниченными возможностями. Цель: каждый особый ребенок может проявить себя и свои способности  через изобразительное творчество. В рисунках детей, участвовавших в конкурсе отображены чувства добра и любви. Дети удивили своими разнообразными  идеями: на рисунках  детей видишь  животных и птиц, дома, автобусы, деревья, цветы, планеты.  По решению жюри было определено, что каждый рисунок является лучшим  и заслуживает поощрения. Детям принявшим участие в конкурсе были вручены памятные подарки.           

0 комментариев