«Үш бәйтерек – үш діңгек: Сәкен,Ілияс,Бейімбет»

31 қазан күні аудандық кітапхананың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында заманалар өзгеріп, қоғамдар алмасқан аласапыран кезеңде 1894-1938 жылдар аралығында қатар өмір сүрген Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин мен Ілияс Жансүгіров «тар жол, тайғақ кешу» кезеңіндегі ұлтының көшбасшылары үш алып бәйтерегіміздің туғанына 125 – жыл толуына орай «Үш бәйтерек – үш діңгек: Сакен,Ілияс,Бейімбет» атты оқырмандар конференциясы өтті.Конференцияға мұғалімдер,студенттер,оқырмандар, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, мектеп кітапханашылары  қатысты. Мақсаты: Қазақтың үш бәйтерегінің өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру,шығармаларын насихаттау. Шара барысында, аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми кызметкері Жолдыбаева Л.К «Өмірлері өнеге-үш бәйтерек» және № 2 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тюлемисова Г.С. «Үш бәйтерек- үш алып» тақырыптарында  теңдікті аңсаған, әділетсіздікті жырлаған, болашағымыздың бостандығы үшін күресіп, арттарында өшпестей із қалдырған ағаларымыздың мол мұрасы, өмір жолдары туралы баяндама жасады.  №3 мектеп оқушылары  ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқырмандар оқыған кітаптары бойынша пікір алмасты. Аудандық кітапхананың қызметкері Жиембаева Т.С.«Сіз білесіз бе?»  айдарымен ақын-жазушылар туралы косымша деректер бойынша қысқаша баяндап берді. Қазақ әдебиетіндегі үш қайталанбас…

0 комментариев