«Балалар әдебиетінің атасы»

1 қараша күні аудандық кітапханада балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың 95 жылдығына арнап«Балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби танымдық сағаты өткізілді. Танымдық шараны кітапханашы Жиембаева Т.С. жүргізіп, оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінділер көрсетіліп, Қожа маған қандай мінезімен ұнайды ?-деген тақырыпта өз ойларын айтып, пікірталасқа түсті. Әдеби танымдық сағат «Бердібек атаға арнау» өлеңін мәнерлеп оқумен аяқталды.       

0 комментариев

«Қызы батыр ел — ұлы ел»

 29 қазан күні аудандық кітапхана және Хромтау тау- кен техникалық колледж кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына орай «Қызы батыр ел - ұлы ел» тақырыбында колледждің мәжіліс залында еске алу кеші өтті. Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігін насихаттау.Жас ұрпақты отансүйгіш, патриот азамат боп өсуге тәрбиелеу. Тарихи кеш бір минут үнсіздікпен басталды. Кітапханашы Мұратқали А. Ә.Молдағұлованың өмірбаяны, ерлік жолдары туралы толық мағұлмат берді.Студенттер Дуйсебаева С. Азимова Ф. Ермагамбетова Ж. Оразбаева Г. Хасенова І. өлең шумақтарын оқып, Қалжанова А. «Сапураға хат», Қалжанова А. Хасенова І. «Әлиямен сырласу» атты көрініс қойды. Бейнекөрініс көрсетіліп, Хасенова Н. Азимова Ф. «Әлия» әнін шырқады.       

0 комментариев